Қарағанды облысынан Қытайға 20 тонна мұздатылған қой еті жіберілді

1676

Келісім бойынша, келешекте ет жіберу жалғасатын болады. 

Қарағанды облысынан Қытайға 20 тонна мұздатылған қой еті жіберілді

Қарағанды облысы Қытайға қой етін экспорттай бастады, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысынан Қытайға 20 тонна мұздатылған қой еті жіберілді. Келісім бойынша, келешекте ет жіберу жалғасатын болады. 

Экспорт "Арай kz" ет өңдеу компаниясы арқылы жүзеге асырылады. Бұл кәсіпорын неміс теxнологиясы бойынша жабдықталған және еуростандарттарға сай келетін мал сою құрылғылары болғандықтан таңдалған.

1200 бас малды Ақтоғай және Жаңаарқа аудандарының шаруа қожалықтары ұсынды.

"Қарағандылық мал өсірушілер үшін Қытай нарығы ашылып отыр. Облысымыз осы елге мұздатылған қой етін экспорттауды бастады. Сату нарығын кеңейту аймағымыздағы қой өсіру саласын дамытуға түрткі болады, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров.

Оның айтуынша, болашақта қой етін жеткізу жұмыстарына аймақтың 200 жуық шаруа қожалықтары жұмылдырылуы мүмкін.

Қытайға етті теміржол арқылы жеткізеді. 

"Талаптар өте қатаң болды. Бір жыл бұрын біздің технологиямызды тексеру үшін комиссия келді. Қарашаның соңына дейін біз Қытайға 300 тонна қой етін және дәл сондай көлемде желтоқсан айында да жіберуіміз керек", - деп мәлімдеді "Арай kz" ЖШС құрылтайшысы Жанболат Жақауов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу