Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары, сондай-ақ Ұлытау және Жаңарқа аудандары бойынша еңбек заңын бақылау бөлімінің басшысы А.Байсалбаев пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлады жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі.
"А.Байсалбаев кәсіпорында еңбек заңының сақталуы мәселелері бойынша жүргізілген тексеру фактісі бойынша оң қорытынды шығарып беру үшін "Қазақмыс" корпорациясы" АҚ қызметкерінен 640 мың теңге пара алғаны анықталды", – делінеді баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазіргі таңда А.Байсалбаев ұсталып, Қарағанды ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейін тексеру жүріп жатыр, деп атап көрсетілген ұлттық бюроның хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу