Қарағанды облысында 10 тонна контрафактілік темекі өнімдері тәркіленді

427

Заңсыз темекі өнімдерін утилизациялау 4 күн бойы жүргізілген.  

Қарағанды облысында 10 тонна контрафактілік темекі өнімдері тәркіленді Фото: бейнеден скриншот

Облыстық экономикалық тергеу департаменті Әзербайжан азаматынан 10 тонна темекі өнімін және бір реттік электрондық темекінінің жүздеген данасын тәркілеп, жойды, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.

Тәркіленген 413 мың қорап темекінің жалпы салмағы 10 тоннаны құрады.

Ведомство қызметкерлері тергеу шараларын жүргізіп, акцизсіз темекі сататын фирманың иесі Әзербайжан елінің азаматы екенін анықтады. Ол Қарағанды облысында кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысқан.

Оған ҚР ҚК-нің 214-бабы ("Заңсыз кәсіпкерлік, заңсыз банктік, микроқаржылық немесе коллекторлық қызмет") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот шешімі бойынша кәсіпкер 3,5 миллион теңгеге жуық айыппұл арқалады.

Бұдан басқа контрафактілік өнімдер басқа жеке кәсіпкерлерден де табылып, 40 мыңнан астам қорап темекі жойылды.

"Әзербайжан азаматы 3 450 000 теңге көлемінде айыппұл түрінде қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Жеке кәсіпкерлік басшылығы ҚР ӘҚБтК-нің 283-бабы бойынша бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 690 мың теңге айыппұл салынды. Заттай дәлелдемелер жойылуы тиіс. Барлығы 454 430 қорап темекі мен 270 дана бір реттік электрондық темекінің POD-жүйелері жойылуға жатады", - деп хабарлады департамент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу