Қарағанды облысында 106 жастағы әже тұрады

780

Қария облыстағы ең жасы үлкен әйел. 

Қарағанды облысында 106 жастағы әже тұрады Фото: gov.kz

Ғасыр жасаған кейуана Нұра ауданында тұрады деп жазады inbusiness.kz Қарағанды облысы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

"106 жасында Тұмар Ысқақова өз бетінше үйден шығып, серуендеп, кітап оқиды және тігін тігеді. Ол Шет ауданында дүниеге келген, тұрмыс құрғаннан кейін Нұра ауданы Кертінді ауылына көшіп келген. Кейуана ауыр жұмысқа ерте жастан бейім, далада жұмыс істеген және мал баққан. Ұлы Отан соғысы кезінде ауылдастарымен бірге майданға сәлемдемелер жинап, сарбаздарға шұлықтар мен жылы заттар тоқыды" - делінген хабарламада.

Тұмар әжейдің 4 немересі, 8 шөбересі бар. Жалпы Қарағанды облысында ғасырдан астам ғұмыр жасаған 21 қария бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу