Қарағанды ​​облысында 109 млн теңгеге жалған шот-фактуралар бойынша тергеу аяқталды

781

Мемлекетке жалпы сомасы 109 млн теңгеге жуық ірі залал келтірілді. 

Қарағанды ​​облысында 109 млн теңгеге жалған шот-фактуралар бойынша тергеу аяқталды Фото: google.com

Жұмыстарды нақты орындамай, қызмет көрсетпей және тауарларды тиеп-жөнелтпей шот-фактураларды жазып беру фактісі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді ҚМА Қарағанды облысы бойынша Департаменті аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Халық тұтынатын тауарларды сатумен айналысатын жеке кәсіп иесі оның атынан "ТехнологияГорМаш" және "ТД СнабСервис" ЖШС атына 2019 жылдың сәуірі мен 2020 жылдың қараша айы аралығында тау-кен-шахта жабдықтарына арналған қосалқы бөлшектерге шот-фактуралар жазғаны анықталды, бірақ іс жүзінде бұл тауарларға жеткізушілері болмаған. 

Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 109 млн теңгеге жуық ірі залал келтірілді. 

Сот үкімімен кәсіпкер кінәлі деп танылып, оған коммерциялық ұйымдарда әкімшілік-өкімдік функциялармен байланысты лауазымдарды 5 жыл мерзімге атқару құқығынан айыра отырып, 3,5 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу