Қарағанды облысының полицейлері жеңіл көлік ұрлады деген күдікпен 11 жасар жасөспірімді ұстады. Оқиға Абайда болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ekaraganda.kz порталының жазуынша, ұл бала 32 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі көлікті ұрлап кеткен. Жасөспірім трассада келе жатып тізгінге ие бола алмай қалады, салдарынан көлік жолдан шығып кеткен. Оқиғадан кейін кәмелетке толмаған бала апат орнынан қашып кетті.
Құқық қорғау қызметкерлері көлікті айдап кеткен баланың жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Баланың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу