Қарағанды облысында 12 млн теңгенің мұнай өнімін ұрлаған тұрғындар ұсталды

370

Екі күдікті ұсталды

Қарағанды облысында 12 млн теңгенің мұнай өнімін ұрлаған тұрғындар ұсталды Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында құны 12 миллион теңгеге жуық болатын мұнай өнімін қолды қылған ауыл тұрғындары ұсталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне мұнай өнімдерін көтерме жеткізумен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшылығы арызданды. Белгілі болғандай, аталған серіктестік жанар-жағармай сату станциясымен мұнай өнімдерін сатып алу келісім-шартына қол қойған. Бухгалтерлік есеп-қисап жүргізу барысында 11 миллион 893 мың теңге ақша жетіспеушілігі анықталған", делінген хабарламада.

Аталаған іске қатысы бар деген күдікпен 23 пен 40 жас аралығындағы екі ауыл  тұрғыны ұсталды. Олар мойындау көрсетпе белгілерін берді. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу