Қарағанды облысында 13 ауылдық округтердің әкімдері сайланды, оның ішінде 2 -уі әйел, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Қарағанды облысында 29-шы тамызда ауылдық округтер мен ауыл әкімдері сайланды. Сайлау 13 елдімекен мен алты ауданда өтті: Абай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Ұлытау.
Сайлау нәтижелері туралы Қарағанды облыстық сайлау комиссиясында айтылды.
Жаңадан сайланған 13 ауылдық әкімдердің ішінде екеуі әйел.
Жаңадан сайланған әкімдердің жас мөлшерлері – 29 бен 52-нің арасында. Олардың дені мемлекеттік қызметкерлер, аудандық және ауылдық әкімдіктерде бас немесе аға мамандар болып қызмет еткен. Арасында бір ІІМ зейнеткері бар.
13 орынға 40 үміткер тіркелген.