Қарағанды облысында 193 мектепте сабақ дәстүрлі түрде өтеді

510

Облыс аумағында шалғай жатқан ауылдар көп.

Қарағанды облысында 193 мектепте сабақ дәстүрлі түрде өтеді

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өңірдің жаңа оқу жылына дайындығы жайлы айтты.

"Мектепке дайындықты ерекше назарда ұстап отырмыз. Өйткені облыс аумағында шалғай жатқан ауылдар көп. Ол ауылдардағы білім беру мекемелерінің басым көпшілігі шағын жинақты мектептер. Осы шағын жинақты 193 мектепте сабақ дәстүрлі түрде өтеді. Өңірдегі байланыс операторларымен интернеттің сапасын жақсарту туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Ал жалпы облыста 505 мектеп бар. Оқушылардың 90%-ынан астамы қала мектептерінде білім алады. Ал қалада интернет сапасы жақсырақ. Сол себепті, оқушылардың 90%-ынан астамы оқу үдерісі кезінде сапалы байланыспен қамтамасыз етіледі", – деп айтып өтті Жеңіс Қасымбек.

Облыс әкімінің сөзінше, бүгінгі күні қолда бар компьютерлік техника көп балалы жанұялар мен аз қамтылған отбасыларға жеткілікті.

"Биыл Қарағанды облысында мектепке 200 мыңнан астам бала барады. Балалар қашықтан білім алуы үшін облыстық білім басқармасы 34 мың компьютер дайындап қойды. Қазір әкімдік пен демеушілердің қолдауы арқасында 9 мың компьютерлік техника сатып алып жатырмыз. 28 мың компьютер республикалық бюджет қаражатына алынады. Негізі қолымызда бар компьютерлер әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасыларға беруге жеткілікті", – деді өңір басшысы.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу