Қарағанды облысында 200-ге жуық отбасының атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алып отырғаны әшкере болды, деп хабарлайды Atameken Business.
Аймақта арнайы құрылған мобильді топ мемлекеттік көмек тағайындалған азаматтардың жеке істерін қайта тексеріп жатыр. Аулаларды аралау барысында, кей тұрғындардың өз табысын жасырғандығы анықталған.
Комиссия 199 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетуді тоқату туралы шешім шығарды. Тағы 100-ге жуығына көмек берілу-берілмеуі жақын күндері шешілмек. Алайда, тек 17 отбасы ғана алған ақшаларын өз еріктерімен қазынаға қайтарыпты.
Айта кету керек, өңірде барлығы 9 355 отбасы әлеуметтік төлем алады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 есеге көп. Ал бюджет қаражатының шығыны 6 есеге өсіп отыр. Себебі, облыста осы мақсатта3 айдын ішінде ғана екі млрд-тан астам ақша жұмсалған.
"17 отбасы заңсыз алынған қаражатты өз еріктерімен қайтарды. Өндіріліген ақша жергілікті артқарушы органның бюджетіне түседі. Аймақтардағы мониторинг нәтижесі бойынша бюджеттің 41 млн теңгесі үнемделеді деп күтіліп отыр",– дейді Қарағанды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова.