Қарағанды облысында 2 сарбаз іздестіріліп жатыр

2061

Олар әскери бөлімді өз еркімен тастап кеткен. 

Қарағанды облысында 2 сарбаз іздестіріліп жатыр

Қарағанды облысында мерзімді қызметтегі 2 сарбаз іздестірілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Биыл 8 ақпанда Қарағанды гарнизонында мерзімді қызметтегі 2 әскери қызметші әскери бөлімді өз еркімен тастап кетті. Оларда қару болмаған", – деп жазылған хабарламада.

Бүгінде оларды әскери полиция мен облыстық полиция департаментінің қызметкерлері іздестіріп жатыр.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталады. Тергеу қорытындысы бойынша кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу