Қарағанды облысында 2 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті

499

Оқыс жағдай кезінде бала ата-анасының қарауынсыз болған.

Қарағанды облысында 2 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті Фото: Life 09

Өткен тәулікте Қарағанды облысы Саран қаласында 2 жасар ұл бала бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кетті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Саран қаласы Жәкенов көшесі бойындағы үйде бала үлкендердің қарауынсыз қалған. 2021 жылы туған бала екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетіп, Қарағандыдағы облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. 

Бұдан бөлек бұл жағдайға қатысты қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы да пікір білдірді.

"Баланың жағдайы тұрақты, орташа ауыр дәрежеде деп бағаланып отыр. Емді толық көлемде алып жатыр", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу