Қарағанды облысында жиырмаға жуық мектеп директоры жауапқа тартылды

212

Мекеме басшылары денсаулық сақтау саласы бойынша бірнеше ереже бұзған. 

Қарағанды облысында жиырмаға жуық мектеп директоры жауапқа тартылды Фото: ura.news

Қарағанды облысында 19 мектептің директоры жауапқа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Прокурорлар тексеріс барысында білім ошақтарында ішек таяқшасы бактериясын анықтап, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектерді тапқан.

Заңбұзушылықтар мұнымен бітпейді. Нұра ауданының мектептерінде өрт қауіпсіздігін сақтамалмаған, санитарлық-эпидемиологиялық және денсаулық сақтау саласы бойынша бірқатар ереже бұзылған.

Сонымен қатар дезинфекциялық сұйықтық талапқа сай жасалмағаны да әшкереленген. Бұл олқылықтарға жол мектеп директорларына айыппұл салынса, 17 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу