Қарағанды облысында 2018-ші жылы 15 тұрғын үй салынады

895

Қарағанды облысында 2018-ші жылы 15 тұрғын үй салынады

Қарағанды облысында 2018-ші жылы 15 тұрғын үй салынады. Құрылыс жұмыстары Қарағанды, Балқаш және Жезқазғанда жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 
Бір шаршы метрдің құны 90 000-нан 140 000-ға дейін барады. Пәтерлерді есеп шоттарында баспананың жалпы бағасынан 30% қаражаты бар ТұрғынҮйҚұрылысЖинақБанкінің салымшылары сатып ала алады. Қалған жетпей тұрған сомаға банк жылдық 5% алдын ала тұрғын үй қарызын беруге дайын. Ол жайлы 25-ші желтоқсанда брифинг барысында "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры Гүлнәр Дабылова айтты. 
"Нұрлы жол" бағдарламасының шарттары бойынша жаңа үйлердегі пәтерлердің жартысы кезекте тұрғандарға таратылады. Алайда олар да Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінде шот ашып, оған салымдарын жинаулары тиіс. Біздің барлық салымшыларымызға шотты неғұрлым ерте ашса, соғұрлым ертерек әлеуметтік пәтер алуға мүмкіндіктері болатынын есте сақтау қажет. Тағы бір маңызды жайт – салым мерзімі неғұрлым ұзақ болса, несие бойынша мөлшерлеме соғұрлым төменірек болады", - деп атап өтті Гүлнәр Дабылова. 
Сонымен қатар "Өз үйім" бағдарламасы бойынша бұл пәтерлерді сонымен қатар 332 адам да ала алады. Олардың 152-і прокуратура қызметкерлері. 
"Олар үшін баспана Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі мен Қарағанды облысының прокуратурасы арасында орнатылған меморандумға сәйкес төмендетілген ағамен сатылатын болады", - деп түсіндірді Гүлнәр Дабылова. 
"Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры Гүлнәр Дабылованың мәлімдеуінше, биылғы жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысында мемлекеттік сыйақыны банктің 71 000 салымшысы алған. Олардың 21 000-ы келісімшартты биыл ғана жасаған. Мемлекеттік сыйақы 200 айлық көрсеткіштен немесе 453 800 теңгеден аспайтын сомаға есептеледі. Яғни, егер бір жыл аралығында банк клиенті осындай сома жинаса немесе бір мезгілде салса, ол максималды сыйақы – 90 760 теңге ала алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу