Қарағанды облысында 252 шақырым автожол жөнделеді

955

Қарағанды облысында 252 шақырым автожол жөнделеді

Облыс әкімдігінің аппарат кеңесінде облыстағы автокөлік жолдарының күйі мен жөндеу жұмыстарының жоспары туралы айтылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Автокөлік жолдары және жолаушы тасмалы басқармасының басшысы Абайділдә Санаубаровтың айтуынша, Қарағанды облысындағы транспорттық инфрақұрылымды дамыту аясында 2017 жылға 27 млрд теңге бөлу жоспарланған. 470 шақырым автокөлік жолы жөндеуден өтеді.
Келісілген жұмыс бағдарламасына сай,  республикалық маңызы бар 252 шақырымның 15 шақырымы қайта қалпына келтірілсе, 9 шақырымы күрделі жөндеуден өтпек. Ал 237 шақырымға орташа жөндеу жасалады. Бұлардың бәріне 16 млрд теңге жұмсалады.
Облыстық маңызы бар автокөлік жолдарының ішінде 3 көпір жөнделеді, сонымен қатар 28 шақырым жол күрделі және орта деңгейлі жөндеуден өткізіледі, оның ішінде 6 шақырым жолға күрделі, 22 шақырым жолға орта жөндеу жасалады. Бұларға 1,6 млрд теңге бөлу жоспарланған.
Мақсатты трансферт бойынша аудандар мен қалаларда 83 шақырым жол жөндеуден өткізіледі деп жоспарлануда. Оның ішінде Абай, Бұқар жырау, Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Саран, Сатпаев, Қаражал қаласы бойынша 4,1 млрд теңгеге, Қарағанды қаласы бойынша 3,8 млрд теңгеге 43 шақырым жол жөнделеді.
Ауыл ішілік жолдарға қала мен аудандардың жергілікті бюджетінен 1,7 млрд теңге қаражат бөлініп, 64 шақырым жол жөнделеді.
Бұдан бөлек басқарма басшысы 2017 жылы автокөлік жолдарын жөндеу тек облыс орталығында ғана емес және Теміртау қаласында (1 056 млн теңге), Жезқазған қаласында (945 млн теңге), Балқаш қаласында (846 млн теңге) да жалғасатынын сөз етті.
"Ағымдағы жылы "Жезқазған-Сатпаев" облыстық маңызы бар жолдың бір бөлігі (7 шақырым), "Жезқазған қалалық әуежайына барар жол" жөнделеді. Сыртқы жарық шамдары 94,5 млн теңгенің 200 бағаны және Балқаш қаласынан шыға берістегі бұрынғы МАИ бекетінен бастап 6 шақырым жол жөнделеді", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу