Қарағанды облысында 27 отбасына пәтер берілді

1050

Ал мамыр айының соңына дейін 130-дан астам көпбалалы отбасы баспанаға ие болады.

Қарағанды облысында 27 отбасына пәтер берілді

Қазақстан халқының бірлігі Күні Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларға пәтер кілті табыс етілді, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Облыс бойынша 27 отбасына пәтер берілді. Қарағандыда жаңа "Үш жапырақ" тұрғын үй кешеніне алғашқы болып 10 көпбалалы отбасы қоныстанды. Оларға жаңа пәтер кілттерін облыс әкімі Ерлан Қошанов табыс етті.

"Арамызда қазір бізбен бірге көп балалы отбасылар тұр, олар Қарағандының жаңа орталығының 24 қабатты жайлы тұрғын үй кешенінің алғашқы тұрғындары болады", – деді мерекемен құттықтай келе әкім.

Ерлан Қошанов осы күні облыс бойынша бірнеше көпбалалы отбасы жаңа пәтерге ие болатынын атап өтті. Кілттер Теміртау, Балқаш, Саран, Шахтинск, Приозерск, Қаражал, Абай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Жаңаарқа және Нұра аудандарында табыс етілді.

Мамыр айының соңына дейін 130-дан астам көпбалалы отбасы баспанаға ие болады, деп хабарлады өңір басшысы. Жыл соңына дейін облыста 560 көп балалы отбасы баспанамен қамтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу