Қарағанды облысында 27 жастағы дүкенші әйелді қатыгездікпен өлтіріп кеткен

224

Аталған іс бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Қарағанды облысында 27 жастағы дүкенші әйелді қатыгездікпен өлтіріп кеткен Фото: freepik

Қарағанды облыстық ПД өкілдері бұл жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнынан видео Telegram-дағы Halyqstan арнасында жарияланды.

"Қарақшы дүкен сатушысына шабуыл жасаған. Салдарынан 27 жастағы әйел қаза болды", – делінген видео сипаттамасында. 

Полиция департаменті қызметкерлерінің арасынан жедел-тергеу тобы құрылды.

"Саран қаласының 27 жастағы тұрғынының денесін табу фактісі бойынша зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері бар қылмыстық іс қозғалды. Күдікті адамды анықтау және ұстау мақсатында облыстың ішкі істер органдарының барлық жеке құрамына бағдар берілді", – делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу