Қарағанды облысында 270 мың тонна картоп жиналды

1389

Өңірдің тұрақтандыру қорына оның 2100 тоннасы жөнелтіледі.

Қарағанды облысында 270 мың тонна картоп жиналды

Биыл Қарағанды облысының алқаптарынан 270 мың тонна картоп жиналды. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда анағұрлым жоғары болды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Өңірдің тұрақтандыру қорына оның 2100 тоннасы жөнелтіледі. Мысалы Абай ауданындағы "Шанс" шаруа қожалығы 500 тонна картоп береді қорға.

Айта кетсек, "Шанс" – Қарағанды облысындағы ең ірі ауылшаруашылық кәсіпорны. Мұнда картоп, дәнді және жемдік дақылдар өсіріліп, мал ұстайды.
Астық Қарағанды, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтанға жеткізіледі.

Елорданың азық-түлік белдеуін қалыптастыруға сондай-ақ, "Топар жылыжайлары" ЖШС да үлес қосады, жыл сайын өз өнімінің үштен бірін жөнелтуде. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында елордаға 800 тонна қияр, қызанақ және бұрыш секілді көкөністер жөнелген.

"Топар жылыжайлары" ЖШС елімізде 20 гектар жабық топырақ алаңына ие. Өнімнің негізгі бөлігі – қияр мен қызанақ. Бұл жерде лимон, апельсин және эксперимент ретінде гуава, папайя, анар және құрма өсіріледі. Осы жылдың қаңтарынан тамыз айына дейін жиналған өнімінің жалпы салмағы 3 663 мың тоннаны құрапты.

"Қияр өсетін жаңа жабық кешеннің бір бөлігі жарықтандырылмаған, электр желілерінің қуаты жетіспейді. Бұл өнімділікке тікелей әсер етеді. Егер қазір біз шаршы метрден 43 тонна жинайтын болсақ, онда жарықтандыру арқылы 100 тонна жинайтын болар едік",– деді кәсіпорын директоры Сұлтан Мүрсәлімов жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Жеңіс Қасымбекке.

Сонымен қатар, жылыжайдың бір бөлігі жаңғырту мен кеңейтуді қажет етеді. Бұл жерде экзотикалық жемістер өсіруге мүмкіндік бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу