Қарағанды облысында 28 мыңнан астам ауыл тұрғыны жылжымалы кешендерде медициналық тексеруден өтеді

470

Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.  

Қарағанды облысында 28 мыңнан астам ауыл тұрғыны жылжымалы кешендерде медициналық тексеруден өтеді Фото: gov.kz

Жеті жылжымалы медициналық кешен өңірдің шалғайдағы елдімекендерін аралайды. Биыл облыстағы 28 мыңнан астам тұрғынды медициналық тексерумен қамту жоспарланып отыр.

Ақпаратқа сәйкес, Абай ауданының орталық аудандық ауруханасының жылжымалы медициналық кешені ақпан айынан бастап жұмыс істейді. Дәрігерлер ауылдарға аптасына екі рет барады.

3 айда жылжымалы кешен сегіз ауылды аралап шықты, мамандар 1,7 мыңнан астам тұрғынды тексерді.

Дәрігерлердің пациенттерді қабылдауы ТМККК пен МӘМС шеңберінде жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу