Қарағанды облысында 3 ауылда төтенше жағдай жариялануы мүмкін

405

Өңірде дала өрті өршіп тұр

Қарағанды облысында 3 ауылда төтенше жағдай жариялануы мүмкін Фото: gov.kz

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаровтың шешімінде жарияланған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Талды, Ақшоқы, Ақсу-Аюлы ауылдық округтерінің аумағында 2023 жылдың 14 шілдесінен дала және орман өрттерінің орын алуына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Оны жою бойынша басшысы болып Шет ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Кәрсембаев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын",  делінген хабарламада.

Құжат ертең, яғни 21 шілдеден бастап күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу