Қарағанды облысында теміржол инфрақұрылымын жаңғырту аясында Қарағанды-Сұрыптау, Жаңа Қарағанды және Нұра станцияларындағы вокзалдар күрделі жөндеуден өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
1965 жылы салынған Қарағанды-Сұрыптау станциясы арқылы Астана, Алматы, Павлодар, Қостанай, Петропавл, Жезқазған, Семей, Шымкент, Қызылорда қалаларына, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Қырғыз Республикасына қатынайтын 41 жолаушылар пойызы өтеді.
Жаңа Қарағанды станциясындағы 1983 жылы салынған вокзал ғимараты толықтай қайта жөнделді. Бұл станция арқылы 9 жолаушылар пойызы қатынайды.
1971 жылы салынған Нұра станциясында вокзал ғимараты толық жаңғыртылды. Жөндеу барысында ескі қабырғалар толықтай бұзылып, ғимараттың жаңа қаңқасы керамикалық кірпіштен қайта тұрғызылды. Станция арқылы Астана, Қарағанды және Қостанай бағыттарына қатынайтын 6 жолаушылар пойызы жүреді.