Қарағанды облысында 36 отбасы баспаналы болды

715

Қарағанды облысында 36 отбасы баспаналы болды

Қарағанды облысында Астананың мерейтойына орайлас 36 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа пәтерлердің кілтін қоныстанушыларға облыс әкімі Ерлан Қошанов табыс етті.
Мердігерлердің айтуынша, екі көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысына бір жыл уақыт кеткен екен. 
"Біз 2017-ші жылдың тамызының соңында жұмыстарымызды бастадық. Бір жылға жетер-жетпес уақыттың ішінде 72 пәтері бар екі үйдің құрылысын аяқтадық. Бірінші үйге адамдар қоныстады, тұрғындар өз баспаналарын мамыр айында алды. Бүгін біз екінші үйді қолданысқа беріп, жаңа иелерге пәтер кілттерін табыс етіп жатырмыз. Барлық жұмыстар 100 пайыз орындалды. Құрылыс барысын біз және Абай ауданы әкімдігі бақылап отырдық. Барлық материалдар – отандық өнімдер. "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша шамамен 600 млн теңге жұмсалды. Үйлерде бір, екі және үш бөлмелі пәтерлер бар. Жақын болашақта маңындағы аумақты абаттандыратын боламыз, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылады, - деді "ККК ЛТД" ЖШС коммерциялық директоры Иван Малюшенко.
36 пәтерлі 9 қабатты тұрғын үйдің жалпы ауданы – 2000 м2, пәтерлердің ауданы – 1904 м2. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу