Қарағанды облысында КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін 4 қарашада сағат 00-де сыртқы шекараларға кіруді/шығуды бақылау үшін үш санитарлық бекет жұмысын бастайды. Сондай-ақ осы бекеттер арқылы жүріп-тұруға рұқсат беру үшін propusk.kz порталын іске қосу жоспарлануда, деп жазады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Елде аурудың өсуіне байланысты алдын алу шарасы ретінде:
1. Қызылорда – Павлодар а/ж (Молодежный к. маңында).
2. Павлодар – Баянауыл – Бұқар жырау – Қарағанды а/ж (Үміткер кенті маңында);
3. Қарағанды – Аягөз – Бұғаз автожолының 271-ші шақырымы Семей қаласы бағыты (Кентөбе кенті маңында) бойынша санитарлық бекеттер орнату туралы шешім қабылданды, деп жазылған хабарламада.
Аталмыш бағыттар бойынша құқық қорғау органдарына, медицина қызметкерлері мен арнайы қызметтерге; халықтың тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлеріне; жүк машиналарына; транзиттік көлікке; Қарағанды облысына жергілікті тіркеумен келетін адамдарға; емделуге келетін адамдарға рұқсатнамасыз жүріп-тұруға рұқсат етіледі. Вахталық жұмыскерлер мен тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жүретіндер өз деректерін propusk.kz сайтта қалдыру қажет.