Қарағанды облысында 41 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды

950

Қарағанды облысында 41 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды

Қарағанды облысының Ақтоғай, Шет аудандарында ауыл шаруашылығы кооперациясының негіздерін, оны құру мен жұмысын жүргізудің ережелерін түсіндіру мақсатында арнайы топ тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды 24.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің қаржылай қолдау қорының өкілдері кооператив мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. Көбіне тұрғындар субсидия алуға, арзандатылған жем-шөпке егін салуға, мал сою бекетін тиімді пайдалануға қатысты мәселелерді қозғады. Сондай-ақ, түсіндіру тобы кооператив құруға ниеттенген азаматтардың несие алу үшін жинаған құжаттарын түгендеді.

Жалпы Қарағанды облысы бойынша осы күнге дейін 41 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. Соның 22-сі ет өндіру, қалғаны сүт өндіру бағытында өз  жұмыстарын бастап кетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу