Қарағанды облысы ономастикалық комиссияның шешімімен осы күзде Нұра мен Осакаров аудандарындағы үш ауылдың атауы өзгертіледі, деп хабарлайды аймақ әкімдігінен.
Шілде айында өткен ономастикалық комиссияның кезекті отырысында аталмыш аудандардағы 47 көшенің атауын өзгерту туралы ұсыныс жасалған, комиссия мүшелері 45 өзгертуді қабылдап, екі көшенің атауын өзгеріссіз қалдырды.
Бүгінде Қарағанды облысы тілдерді дамыту басқармасының ономастика бөлімі атауын өзгерту бойынша жобаларды жасақтауда. Оны мақұлдау және бекіту бір жарым айдан екі айға дейінгі уақытты алады.
Осылайша Нұра ауданының Щербаковск ауылы осы күзде Қайнар ауылы атанса, Киевка елдімекенінің атауы Нұра болып өзгертіледі. Ал, Осакаровск ауданының Алыс ауылы Аманқоңыр болып аталады.
Ал, 45 көшенің атауын өзгертуге тоқталатын болсақ олар бойынша жоба жасақталып бекітілуге жіберілген.