Қарағанды облысында 47 елдімекен дербес бюджетке ие болды

1005

 Қарағанды облысында 47 елдімекен дербес бюджетке ие болды

Қарағанды облысында халық саны 2000-нан асатын 47 елдімекенде жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджеті бекітілді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыс барысында ауыл басшыларының дербестікке қаншалықты дайын екендігі сөз болды. 
"2018-ші жылдың 1-ші қаңтарынан бастап облыстың 47 елдімекенде дербес бюджет бекітілді. Жалпы көлем 5,8 млрд теңгені құрады. Мен жергілікті кадрлардың даярлығын, аймақтардағы әкімдіктердің техникалық жабдықталуын, сапалы интернетпен қамтамасыз етілуін сараптауды тапсырған болатынмын. Қауіп, проблемалар болатынын түсіне білу қажет", - деді облыс әкімі Ерлан Қошанов. 
Атқарылған жұмыстар жайлы қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ардақ Сәттібаева мәлімдеді. 
Ардақ Сәттібаева ауылдық мемлекеттік қызметкерлер "Бюджеттік процесстер" тақырыбы бойынша оқудан өткенін мәлімдеді. Алған білімдерін олар тестілеу арқылы растады. 
Аймақтық әкімдіктер техникалық тұрғыда жабдықталған. Тек кадрлық мәселе қиындық тудыруда. Мемлекеттік қызметкерлердің тапшылығын "Дипломмен ауылға" бағдарламасы арқылы шешу көзделіп отыр. 
Облыс әкімі бос жұмыс орындарын толтыру үшін амал қарастыруды тапсырды. 
"Аймақ әкімдері бөлінген бюджеттік қаражаттың, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің уақтылы және толық көлемде игерілуіне жауапкершілік артылады", - деп атап айтты Ерлан Қошанов. 
Қарағанды облысында 202 кенттік әкімдіктер қызмет етеді. Халқы 2000 адамнан аз болатын 155 елді мекен бар. Олардың барлығы 2020-шы жылдан бастап дербес бюджетке ие болады деп жоспарлануда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу