Қарағанды облысында 473 нысан жабылды

911

Облыста 148 адам карантинге жатқызылған.

Қарағанды облысында 473 нысан жабылды

Еліміз аумағында төтенше жағдай режимі жарияланғалы Қарағанды облысында бірде-бір ауру анықталған жоқ. Стационарларда 148 адам карантинде жатыр, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Облыста үй карантинінде – 19 адам, 331 – бақылауда, 273 – қашықтықтан мониторингте.

"Қарағанды облысында коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды емдеуге, жұқпалыларға арналған 300 төсек және 48 реанимациялық төсек бар. 770 провизорлық және 1325 карантиндік төсек орын ашылды. Барлық жұқпалы және карантиндік бөлімшелер дәрі-дәрмектермен, медициналық маскаларымен, медиктерге арналған қорғаныш костюмдерімен толық жабдықталған. Республикалық бюджет есебінен өңірде 36 өкпені жасанды желдету аппараты, 48 монитор, 52 аспиратор, 114 перфузор, 96 пульсоксиметр, 8 фибробронхоскоп, ЭКМО аппараты, 100 тепловизор және 857 бірлік жеке қорғаныс құралдары сатып алынды",– дейді әкімдіктен.

Сондай-ақ, демеушілік қаражат есебінен короновируспен ауыратын науқастарды тасымалдау үшін екі капсула сатып алынған.

Қарағанды облысында 473 нысан жабылды: 12 кинотеатр, сауда-ойын-сауық кешені жанындағы 44 балалардың ойын алаңы, 167 мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары және басқа да ойын-сауық орындары.
Санитарлық режим 1971 нысанда күшейтілген.

Діни орындарға келушілердің санын шектеу ұсынылған.

"Өңірде азық-түлік қоры жеткілікті. Қоймаларда және тұрақтандыру қорында 66 мың тонна ұн, қант, жарма, күнбағыс майы және көкөніс бар. Бұл бір айға жетеді. Облысқа азық-түліктің үздіксіз жеткізілімі жалғасуда. Картоп бағасының өсуіне жол бермеу үшін тұрақтандыру қорынан интервенция жүргізіле басталды. Вокзалдар мен автостанцияларда үнемі дезинфекция жүргізіледі. Сондай-ақ автобустар мен маршруттық такси салондары өңделеді",– деп хабарланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу