Қарағанды облысында 5 100 пәтер пайдалануға беріледі

1161

548 пәтерді жалға, 926 пәтерді кредитке алуға болады.  

Қарағанды облысында 5 100 пәтер пайдалануға беріледі

Биыл "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржыландырудың барлық көздері есебінен Қарағанды облысында 509 мың шаршы метр тұрғын үй бой көтереді. Бұл – 5 100 пәтер пайдалануға беріледі деген сөз. 

Осы жылдың І тоқсанында тұрғын үй құрылысы саласына 10,6 млрд теңге қаржы бөлініп, азаматтарға жалпы ауданы 130,2 мың шаршы метрді құрайтын 1 215 тұрғын үйдің кілті табысталды. Оның 203-і жеке үй болды.  

Жыл соңына дейін кредитке немесе сатып алу құқығынсыз жалға 1 474 пәтер беріледі. 

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 10 тұрғын үй құрылысына 4,5 млрд теңге қарастырылған. Бірінші тоқсанда 170,7 млн теңге игерілген. 2020 жыл аяқталғанша азаматтар жалпы ауданы 30,8 мың шаршы метрді құрайтын 
548 пәтерді жалға алады. 

Кредиттік тұрғын үй құрылысының 23 жобасын жүзеге асыруға 10 млрд теңге бөлінді. Бұл ақшаға ауданы 55,2 мың шаршы метрді құрайтын 926 пәтер салынып жатыр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу