Қарағанды облысында 5,5 мың бизнес субъектісі биыл қаржылық қолдау алады

300

Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 100 мыңнан асты. 

Қарағанды облысында 5,5 мың бизнес субъектісі биыл қаржылық қолдау алады Фото: MosEAC

Қарағанды облысында бизнестің іскерлік белсенділігі артып келеді. Биыл 3,5 мың жұмыс орнын құра отырып, он жаңа өндіріс іске қосылады деп күтілуде.

Инвестицияларды қолдау және ынталандыру шаралары туралы аппараттық кеңесте өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Дарын Бұлқайыр баяндады, деп жазады inbusiness.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап.

"Биыл 5,5 мың бизнес субъектісін қаржыландыру жоспарлануда, оның 2,5 мыңы жаңа. Бұл субсидиялау, кепілдік беру, гранттық қаржыландыру және жеңілдетілген несиелеу жобалары. Жыл қорытындысы бойынша негізгі капиталға 1,5% өсіммен 910 млрд теңгеден астам инвестиция салуды жоспарлап отырмыз. 3,5 мың жұмыс орнын құра отырып, 252 млрд теңгеге 10 жаңа өндіріс іске қосылады деп күтеміз. Бұл кәсіпорындарда катодты мыс, жел энергетикалық мұнаралар, жүк автомобильдері, болат тік тігісті құбырлар, темірбетон бұйымдары, мырышталған металл бұйымдары және басқа да өнімдер өндірісі жолға қойылады", – деп хабарлады Дарын Бұлқайыр.

Ол аймақтың инвестициялық тартымдылығына арналған нұсқаулық құрылғанын хабарлады. Сондай-ақ инвесторлармен жедел қарым-қатынас жасау үшін телеграм-бот жасалады. Өңірлік тауар өндірушілердің каталогы толықтырылуда, оған 66 өнеркәсіптік кәсіпорын кірді.

Бизнесті қолдау үшін мемлекеттік бағдарламалар мен құралдардан басқа, "Кәсіпкер" өңірлік бағдарламасы жұмыс істейді. Облыста инвесторларды тарту үшін дайын инфрақұрылымы бар екі ірі өнеркәсіптік алаң – "Сарыарқа" АЭА және Saran индустриялық аймағы жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу