Қарағанды облысы Нұра ауданында мүйізі кесілген 50 киік табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
50 өлі киіктің табылғаны туралы жауапты органға қорықтың директоры хабарлаған.
Айта кеткен жөн, Қорғалжын қорығы Ақмола және Қарағанды облыстарының аумағында орналасқан. Құқық қорғау органдарының өкілі қорықты тексергеннен кейін өлі ақбөкендердің етінің Қарағанды облысының аумағында табылғанын хабарлады. Тексеру барысында барлық жануарлардың бытыра оқпен атылғаны анықталды.
Нұра ауданында табылған өлі киіктерге қатысты ҚР ҚК 337-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Бұл қылмысты әшкерелеу үшін облыстық ПД басшылығы Ақмола облысы Қорғалжын ауданының полиция қызметкерлерімен бірлесіп, 2 арнайы топ құрды. Олардың құрамына кинологтар, табиғатты қорғау полициясы, жедел қызмет қызметкерлері және учаскелік инспекторлар кірді.
Еске сла кетсек, құқық бұзушылар 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.
Айта кетерлігі, Қорғалжын қорығы ЮНЕСКО бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген.