Қарағанды облысында 50 жолаушысы бар автобус жол апатына ұшырады

149

Қарағанды облысында қолайсыз ауа райына байланысты жол-көлік оқиғаларының қаупі сақталып отыр. Солардың бірі Шахтинск қаласынан шығар жолда тіркелді.

Қарағанды облысында 50 жолаушысы бар автобус жол апатына ұшырады Фото: видеодан алынған кадр

12 қаңтар күні жолаушылар автобусы Шахтинск қаласынан шыға берісте боран мен көктайғақ салдарынан жол апатына ұшырады. Қарлы боран мен тайғақ жолда жүргізуші көлікті игере алмай, автобус жолдың жиегіне шығып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға кезінде көлік салонында шамамен 50 жолаушы болған. Қарағанды облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ.

Полиция өкілдері өңір аумағында ауа райының әлі де қолайсыз екенін ескертеді. Боран, екпінді жел және көктайғақ республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда, сондай-ақ елді мекендерге жақын аумақтарда қозғалысты қиындатып отыр.

Осыған байланысты жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтау, қауіпсіз арақашықтықты ұстану, күрт бұрылудан бас тарту және алыс сапарларды мүмкіндігінше кейінге қалдыру ұсынылады. Ведомство атап өткендей, жолдағы қауіпсіздік әрбір қозғалысқа қатысушының жауапкершілігіне тікелей байланысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу