Қарағанды облысында 500-ге жуық адам баспанаға мұқтаждар кезегінен алынды

348

Қарағандылық прокурорлар тұрғын үй заңнамасының сақталуына тексеріс жүргізір, бірнеше былықтың бетін ашты.  

Қарағанды облысында 500-ге жуық адам баспанаға мұқтаждар кезегінен алынды Фото: gov.kz

Мемлекет баспанамен халықтың тек белгілі бір санаттарын (жетім балалар, мүгедектер, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көп балалы отбасылар мен ҰОС ардагерлері және т.б.) қамтамасыз етеді.

Тексеру барысында тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұрған 33 мың азаматтың 454-і аталған санатқа жатпайтыны және мемлекеттік қордан тұрғын үй алуға құқығы жоқ екені анықталды (ден қою актілері бойынша кезектен шығарылды), деп жазады inbusiness.kz хабарламаға сілтеме жасап.

50 адамға ауданы заң талаптарына сәйкес келмейтін пәтерлер берілген. Қадағалау актісі бойынша иесі жоқ 78 тұрғын үйді коммуналдық меншікке қабылдау шаралары жүргізілуде.

Азаматтардың жалға берілген тұрғын үйлерге төлемдер бойынша қарыздары 20 миллион теңгені құрайды, ден қою актілері бойынша жергілікті атқарушы органдар сотқа талап-арыздар берді.

"Шахтинск қаласында пәтерді тұрғын үйді жалға беру шартын заңды деп тану туралы жалған сот шешімінің негізінде жекешелендіру түріндегі алаяқтық фактісі анықталды. Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.

Ақтоғай ауданында мұқтаж азаматтарға жағдайы өрт және санитарлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін, атап айтқанда қабырғаларында жарықтар мен ылғалдылық бар, электр қондырғылары зақымдалған, сымдары ашық және т.б. ақаулары бар 4 тұрғын үй сатып алынған.

Сол ауданда электр қуатына қосылмаған 2 тұрғын үй сатып алынған. Тексеру жалғасып жатыр.                  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу