Шаханда өткен тыңдауда бұл бастамаға қарсы дауыс – жүзден асқан. Тұрғындардың сөзінше, өнеркәсіп орны қазылатын болса, 60 мыңдай жұрт ауызсусыз қалуы мүмкін.
Осылай деп қарсылық білдірген үш бірдей елді мекен және Саран қаласының тұрғындары кездесуге келген компания басшылығының сөзіне құлақ аспады. Себебі дәл осындай жағдайға тап болған Долинка елді мекені бүгінде тіршілік нәріне жарымай отыр.
Ал жер астында 10 миллион тоннадан аса көмір қоры барын білетін "Долеон" компаниясының басшылығы болса жерді бір жыл бұрын Индустирия және инфрақұрлымдық даму министрлігінен аукцион арқылы сатып алғандығын айтып, ақталды.