Қарағанды облысында 60-тан астам ауыл ішімдіктен бас тартқан

559

Соңғы үш жылда бұл елді мекендерде бірде-бір заңбұзушылық тіркелген жоқ.

Қарағанды облысында 60-тан астам ауыл ішімдіктен бас тартқан Фото: inbusiness.kz

Қарағанды облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдардың саны 63-ке жетті. Ауылда алкоголь өнімдері мүлдем сатылмайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2025 жылдың соңына дейін бұл тізімге тағы 12 ауыл қосылмақ. Бұл оң өзгерістер – облыста жүзеге асып жатқан "Ішімдіксіз ауыл" жобасының нақты нәтижесі. Жоба аясында ауыл ақсақалдары мен полиция қызметкерлері күш біріктіріп, ішімдіктің таралуына және соған байланысты қылмыстарға қарсы күрес жүргізіп жатыр.

Мәселен, Қарақұдық ауылында соңғы 4 жылдан бері алкоголь өнімдері сатылмайды. Бұл – әлдекімнің қойған талабы емес, тұрғындардың өз қалауы. Қазір онда 640 адам тұрады. Ал ауыл жастары спортқа бейім.  Игі жобаға жергілікті кәсіп иелері де қолдау танытқан. Қазір ауылдағы 5 дүкеннің ешбірінде ащы сусын сатылмайды.

Жалпы қазір өңірде осындай игі бастаманы қолға алған ауылдар саны 60-тан асты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу