Қарағанды облысында 642 сайлау учаскесі ашылған

415

Қарағанды өңірінде барлығы 700 мыңнан астам сайлаушы бар. 

 Қарағанды облысында 642 сайлау учаскесі ашылған Фото: gov.kz

Оның ішінде 90 жастан асқан адамдардың саны 1500-нан асады. Облыс бойынша 7 мыңға жуық сайлаушы алғаш рет дауыс бермек, деп жазады inbusiness.kz "Хабар 24" сайтына сілтеме жасап.

Дауыс беруге келгендердің арасында жаңадан отау құрған Карибай Алтынбек пен Алимханова Гүлбаршын да бар. Олар қаладағы №82 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады 

"Бүгінде Қазақстан экономикалық тұрақты мемлекет ретінде қалыптасты деп нық сеніммен айта аламыз. Біз өз таңдауымызды жасадық. Оны дұрыс деп санаймыз", - деп атап өтті жас жұбайлар.

 

Еске салайық, Орталық сайлау комиссиясының сағат 14.05-тегі мәліметіне сәйкес, облыс бойынша дауыс беру тізіміне енгізілген азаматтардың 53,75 %-ы дауыс берген болатын.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу