Қарағанды облысында 725 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі жойылды

Жалпы саны 745 үйінді анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қарағанды облысында 725 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі жойылды Фото: dknews.kz

Бұл туралы Қарағанды облысының экология департаментінің басшысы Қанат Мұсапарбеков өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

"Жыл басынан бері Қарағанды облысында 745 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды. 725-і жойылды. Жылдан жылға облыс бойынша рұқсат етілмеген полигондардың азаюы байқалады. Мәселен, Қарағанды, Теміртау, Бұқар жырау, Осакаров аудандары бойынша қоқыс үйінділерінің көбі жойылды", – деді Қанат Мұсапарбеков.

Еске сала кетсек, былтыр Қарағанды облысында қалдықтарды рұқсат етілмеген жерде төгу деректерін анықтау, жою және болдырмау жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу