Қарағанды облысында 8 аумақтан шыққан өртті сөндіру жалғасуда

500

Қарағанды облысында әлі де 4 орман өрті мен 4 дала өртін сөндіру жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарағанды облысында 8 аумақтан шыққан өртті сөндіру жалғасуда

Қарағанды облысында ауа райының ыстық болуына және қатты жел соғуына байланысты жоғары өрт қауіпсіздігі сақталып отыр.

Шет ауданында, Қызылтау ауылынан 12 шақырым жерде 5 қыркүйекте құрғақ шөп өртенді. От 300 га жерді шарпыды, осы ауданның Нұраталды ауылдық округінде, Шопа ауылынан 25 шақырым жерде, 6 қыркүйекте басталған дала өртін жою жалғасуда.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл учаскеде өрт аумағы 1000 га құрады. Сондай-ақ дала өрті Нұра ауданы, Қарақойын ауылдық округінің Керей ауылынан 50 км қашықтықта орын алған. Алдын ала деректер бойынша құрғақ шөптің жану алаңы 200 га құрады.

Бұқар Жырау ауданында, Белағаш орманшылығының аумағында, Төрткөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде, 6 қыркүйекте сағат 16:40-та құрғақ шөптер мен ағаштар өртенді. Орман өртінің болжамды ауданы – 10 га. Шет, Қарқаралы және Нұра аудандарында әлі де дала аумағы өртенуде.

"Барлық өрт ошақта ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың ерікті өрт сөндіру құрамаларының және орманшылықтардың күштері жұмылдырылды. Жалынды сөндіруге 362 адам мен 83 техника жұмылдырылды", – деп хабарлады ТЖД.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу