Қарағанды облысында 8 санитарлық бекет орнатылған

649

Пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда, ауруханалардағы орын саны 3 еседен аса ұлғайды.  

Қарағанды облысында 8 санитарлық бекет орнатылған

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы сөз қозғады. Оның сөзінше облыстағы стационарлардың толуы 4%-дан аспайды.

"Бұл – еліміз бойынша ең төменгі көрсеткіштердің бірі. Қазір облыста 17 аурухана жұмыс істеп тұр. Қажет болса тағы өзгелері іске қосылады. Биылғы жылы денсаулық сақтау саласының 49 нысанында жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда, ауруханалардағы орын саны 3 еседен аса ұлғайды. Яғни 14017-ден 5200-ге дейін жеткізіледі", – деді облыс басшысы. 

Облыста тәулігіне 10 мың сынақ өткізе алатын 8 зертхана жұмыс істейді. Пандемия басталғалы бері өңірде 285 мың сынақ өткізілді. 

"Облыста вахталық жолмен жұмыс істейтін 40-қа жуық кәсіпорындар бар. Олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін жұмысқа кіріспес бұрын және жұмысы аяқталғаннан кейін ПТР тест тапсырады. Ауруханалар 3 айға жететін дәрілермен қамтылған. Облыстың сыртқы ауданы бойынша 8 санитарлық бекет орнатылған. Өңірде 6500 медицина маманы бар, яғни кадр тапшылығы жоқ", – деді Қарағанды облысының әкімі. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу