Қарағанды облысында 8 табиғи өрт ошағы жойылды

315

Үш ауданда тағы 5 табиғи өрт ошағын сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.  

Қарағанды облысында 8 табиғи өрт ошағы жойылды Фото: Бейнежазбадан

Өткен тәулікте Қарағанды облысының Қарқаралы, Бұқар Жырау, Нұра, Осакаров аудандары мен Қарағанды қаласы аумағында алдын ала есеп бойынша 200 гектар жерді қамтыған 8 табиғи өрт ошағы жойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазіргі уақытта Шет, Бұқар Жырау және Қарқаралы аудандарының таулы-далалы аумақтарында құрғақ шөп пен бұталардың жануынан шыққан 5 табиғи өрт ошағын сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Өртті сөндіруге таулы-далалы жерлердің қолжетімсіздігі, ыстық ауа райы мен екпінді жел кедергі келтіруде. Желдің бағыты бірнеше рет өзгеріп, өрттің таралу бағытына әсер еткен.

Өртті жою жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігі, жергілікті атқарушы органдар мен орман шаруашылықтарының 400-ден астам қызметкері және 100-ден астам техникасы жұмылдырылған.

Жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Өрт жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіліп, күштер мен құралдардың жұмысы үйлестірілуде.

Жағдай Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу