Қарағанды облысында 9 отбасылық денсаулық орталығы ашылады

1181

Олардың екеуі Майқұдықта, төртеуі – Оңтүстік-Шығыста, тағы бір орталық Жезқазған қаласында ашылмақ. Сондай-ақ Теміртауда да емxана құрылысы басталады. 

Қарағанды облысында 9 отбасылық денсаулық орталығы ашылады

Қарағанды облысында биылғы жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 9 отбасылық денсаулық орталығы ашылады. Ол жайлы Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының амбулаторлы-емxаналық көмекті дамыту және үйлестіру бөлімінің жетекшісі Дана Байкенова мәлімдеді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

"Қарағандыда 80-90 мың адам тіркелген ірі емxаналар көп. Олардың жүктемесін жеңілдету үшін және медициналық көмектің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін, биылғы жылы екі емxана ашылған болатын. Ол №8 емxана және "Мирас" клиникасы. Бұл мекемелерге 30 мыңнан астам адам тіркелді. МЖӘ бағдарламасы бойынша жұмыстар жалғасуда. 2019 жылы тағы да қосымша 9 отбасылық денсаулық орталығын ашу жоспарланып отыр. Олардың екеуі наурызда Майқұдықта ашылады. Төртеуі – Қарағандының тұрғындар ең көп шоғырланған және небары екі емxанасы бар ауданында, Оңтүстік-Шығыста орналасатын болады", – деді ол аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында. 

Сондай-ақ Теміртауда да емxана құрылысы басталады. Тағы бір орталық Жезқазған қаласында ашылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу