Қарағанды облысында 92 медициналық нысан бой көтереді

587

Ауылдық денсаулық сақтау нысандарын 2 жыл ішінде салу жоспарланып отыр.  

Қарағанды облысында 92 медициналық нысан бой көтереді Фото: google

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz

"Облыста екі жыл ішінде 92 ауылдық денсаулық сақтау нысаны салынады. Осы мерзім ішінде аймағымыздың аудандарында 11 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 34 фельдшерлік-акушерлік және 47 медициналық бекет бой көтереді. Бүгінде 14 ФАБ-ты салу бойынша жобалық-сметалық құжаттама мен мемлекеттік сараптаманың қорытындысы дайын. Республикалық бюджет комиссиясы біздің өтінімімізді қолдады", - деді өңір басшысы.

Оның айтуынша, "Дипломмен - ауылға!" бағдарламасы бойынша 69 медицина қызметкерін жұмысқа шақыру жоспарланып отыр.

"Біз оларды баспанамен қамтамасыз етіп, әлеуметтік қолдау көрсетеміз. Ауыл тұрғындарына сапалы шұғыл медициналық көмек көрсету үшін Теміртау, Балқаш медициналық мекемелерінің базасында көпбейінді орталық аудандық ауруханалар ашылады. Олар бірнеше ауданның тұрғындарына қызмет көрсетеді. Мысалы, Балқаш ауруханасы республикалық тас жолда орналасқан. Онда Приозерск, Ақтоғай және Шет аудандарының тұрғындары емделетін болады. Ал, Теміртау ауруханасында Ақтау кентінің, Осакаров, Нұра және Бұқар жырау аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетіледі", - деп толықтырды Ермағанбет Бөлекпаев.

Бүгінгі таңда бұл медициналық мекемелерге күрделі жөндеу жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу