Қарағанды облысында адасып кеткен ер адам құтқарылды

393

ТЖМ тұрғындарды жолға шығарда қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.  

Қарағанды облысында адасып кеткен ер адам құтқарылды Фото: Бейнежазбадан

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары адасып кеткен азаматты аман-есен тауып, қауіпсіз жерге жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға бүгін таңертең Балқаш-9 кентінен шығысқа қарай шамамен 8 шақырым жерде болған. 1989 жылы туған ер адам Балқаш-9 кентінен Балқаш қаласына жаяу жолға шығып, бағытынан жаңылып кеткен.

Хабарлама түскеннен кейін құтқарушылар жедел іздестіру жұмыстарын ұйымдастырып, ер адамның нақты орналасқан жерін анықтады. Азаматқа қажетті көмек көрсетіліп, қауіпсіз жерге жеткізілді. Оның жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады. Жолға шығар алдында баратын бағытыңызды жақындарыңызға алдын ала хабарлап, өзіңізбен бірге толық қуатталған ұялы телефон мен навигациялық құралдарды алып жүру ұсынылады. Төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 бірыңғай құтқару қызметіне дереу хабарласу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу