Қарағанды облысында адасып кеткен шопан табылды

736

Ер адамды іздестіруге құтқару тобынан бөлек тікұшақ та тартылған болатын.  

Қарағанды облысында адасып кеткен шопан табылды Фото: ekaraganda

Қарағанды облысында адасып кеткен шопан құтқарылды, деп жазады inbusiness.kz eKaraganda сайтына сілтеме жасап.

Облыстық Төтенше жағдай департаментінің ақпаратына сәйкес, 3 желтоқсан күні сағат 19:30-да Осакаров ауданына қарасты Тельман ауылының тұрғыны жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. 1966 жылы туған ер адам таңертең мал іздеуге шығып, қайтып оралмаған.

Іздеу-құтқару жұмыстарына ТЖД, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар қатарынан екі іздеу тобы жұмылдырылды. 4 желтоқсанда жоғалған шопанды іздестіруге "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы та тартылды. Тікұшақпен іздеу жұмыстары Тельман, Шоқай және Сарыөзек ауылдық округтерінің аумағында жүргізілді.

Шопан 4 желтоқсан күні күндіз Сарыөзек ауылынан табылды. Ер адам қатты боран салдарынан адасып қалған көрінеді. Шамамен 60 шақырымдай жүріп өтіп, ескі қараусыз қалған үйді паналап, сол жерде түнеген. Ақпаратқа сәйкес, ер адам медициналық көмекке мұқтаж болмады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу