Қарағанды облысында агроөндірушілерге қаржыландырудың жаңа түрі ұсынылды

591

Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы саласында 14 ірі инвестициялық жоба дайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарағанды облысында агроөндірушілерге қаржыландырудың жаңа түрі ұсынылды

Оларды Солтүстік Қазақстан облысындағы агробизнес пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылының үлгісінде іске асыру жоспарлануда.

Жобаларды қаржыландыру шарттары туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың Нұра ауданының ауылшаруашылық өнімін өндірушілерімен кездесуінде айтылды.

"Ауыл шаруашылығы министрлігіне облысымыздан 14 жоба ұсынылды. Іске асыруға 37,6 млрд теңге қажет болады. Қаржыландыру"Сарыарқа"өңірлік ӘКК арқылы жүзеге асырылады. Пайыздық мөлшерлеме жылдық 4% аспайды. Мерзімі – 8 жылға дейін, екі жылдық дәлізі бар. Кепіл талап етілмейді. Жабдық пен мал сатып алу ғана қаржыландырылады, олар кепілге қойылады", – деді Қарағанды облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының өндіріс жөніндегі орынбасары Сырым Бошпанов.

Өңірде 11 сүт-тауар фермасы салынады. Олардың бірі – Нұра ауданындағы 800 бас ірі қара малы бар шаруашылық. Осының есебінен сүт өңдеу кәсіпорындары жұмыспен қамтамасыз етіліп, жаңа жұмыс орындары ашылады. Сонымен қатар ішкі нарықта жергілікті өндірушілердің тауарлары көбірек болады.

Бұдан бөлек, Абай ауданында картоп қоймасы мен құс фабрикасын салуға қаражат бөлінеді. Ал Бұқар Жырау ауданындағы ет бағытындағы құс фабрикасы жаңғыртылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу