Қарағанды облысында АИТВ-инфекциясы диагнозы қойылған 4 мың адам бар, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.
ЖИТС орталығы 1990 жылдан бастап осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін аймақта АИТВ-инфекциясын жұқтырудың 7 мыңнан астам жағдайы тіркелгенін хабарлады. Бүгінгі таңда облыста АИТВ инфекциясы диагнозы қойылған 4 мың адам тұрады. Оның ішінде АИТВ мәртебесімен 33 бала бар. Мамандардың сөзінше, олардың аналары жүктілік немесе бұл дертке шалдығу кезінде ешқандай ем-дом қабылдамаған.
Қарағанды ЖИТС-орталығы эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Ольга Мокроусова тұрғындарды тексерулерден өтуді кейінге қалдырмауға, жылына кемінде бір рет АИТВ бойынша тест тапсыруға шақырды.