Қарағанды облысында "Айбын" халықаралық әскери-патриоттық жиыны басталды

534

Оған 700-ге жуық адам – Қазақстанның барлық өңірлерінің өкілдері және Өзбекстан мен Әзірбайжаннан келген екі команда қатысуда.

Қарағанды облысында "Айбын" халықаралық әскери-патриоттық жиыны басталды Фото: gov.kz

Қарағанды облысының "Спасск" оқу орталығында "Айбын" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны басталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Жас жауынгерлердің жасы 14-тен 17 жасқа дейін. Жиын бағдарламасында "Айбын дарыны" зияткерлік ойыны және "Күшіміз бірлікте" әскери-далалық тактикалық ойыны, "Айбын жұлдызы" шығармашылық байқауы, SmartSarbaz робототехника сайысы бар.

Ашылу салтанатына Парламент депутаттары Сергей Ершов, Болат Керімбек және Әлішер Сатвалдиев, Қорғаныс министрінің орынбасарлары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов және генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов, Әзірбайжан мен Өзбекстаннан келген қонақтар, Қарулы Күштердің ардагерлері, еліміздің әскери-патриоттық клубтары мен оқу орындарының тәрбиеленушілері қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу