Қарағанды облысында ауру жұқтырған 15 жылқының көзі жойылатын болды

1293

Қарағанды облысында ауру жұқтырған 15 жылқының көзі жойылатын болды

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Қарақұдық ауылында инфекциялық эпизоотикалық лимфангит жұқтырған 15 жылқының көзі жойылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ауылға Астанадан эпизоотикалық топ келіп, малды қайта тексеруден өткізген. Олар бұл індетті емдеу мүмкін емес деген байламға келген.

Бұқар жырау ауданы Қарақұдық ауылының әкімі Орымбала Дүйсембекованың мәлімдеуінше, мал дәрігерлері келгенге дейін жылқыларды екі апта басқаларынан оқшау ұстаған.

"Бұл ауру сегіз үй-жайдан анықталды. Ауылда барлығы 175 қора бар. Жұқпалы ауру таралмады. Мал дәрігерлері күн сайын бірнеше жер қораны аралап, малды тексеріп жатыр", - деді ауыл әкімі.

Жылқы иелері өтемақы алу үшін ветеринария басқармасына өтініш жазып, малдың төлқұжатын немес басқа да құжатын алып баруы керек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу