Қарағанды облысында алдағы жылыту маусымына дайындық басталды

910

Өңірде жылыту маусымына тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар 44,9% дайын.

Қарағанды облысында алдағы жылыту маусымына дайындық басталды

Жылыту маусымына дайындық барысында Қарағанды ЖЭО-1 және ЖЭО-3, Балқаш және Шахтинск ЖЭО, Теміртау ЖЭО-2, Топар ГРЭС және КарГРЭс-1 орталықтарында тексеру, ақауларды анықтау жоспарланған. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімшілігіндегі аппарат отырысында энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Ұлантай Ұсенов мәлімдеді, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.. 

Жұмыстар 10 қазандықта және төрт турбинада аяқталды. Суық басталғанға дейін әлі 18 турбина мен 6 қазандық ретке келтіріледі.

"2017 жылы СНжЕ бұзушылықтармен анықталған автоматты жылу жүйесін шығару үшінбиылғы жылдың соңына дейін жол картасы әзірленген. Бүгінде 30 АЖЖ-нің 19-ы тұрғын үйлердің жертөлесінен шығарылды. Қалған 11 АЖЖ Шет ауданының Ақадыр кентінде кесте бойынша жұмыстар жалғасуда. Жылыту маусымының басталуына дейін аяқтау жоспарланып отыр", – деп Ұлантай Үсенов баяндады.

Жалпы өңірде жылыту маусымына 44.9% тұрғын ғимараттар мен әлеуметтік нысандар дайын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу