Қарағанды облысының бекітіліп берілген аңшылық алқаптарында жабайы жануарларды аулаудың күзгі маусымы үшінші қыркүйектен бастап ашылады, деп хабарлайды inbusiness.kz өңір әкімінің сайтына сілтеме жасап.
Қандай мерзімде аң аулауға рұқсат етіледі:
- суырларға – 5 маусымнан бастап оңтүстік аймақ бойынша жайғасқанға дейін, 15 маусымнан бастап Солтүстік аймақ бойынша жайғасқанға дейін;
- Сібір елігіне – аталықтарға 15 шілдеден бастап, ұрғашылары мен төлдеріне 15 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін;
- қаз, үйрек, қасқалдақ үшін – қыркүйектің бірінші сенбісінен 15 желтоқсанға дейін;
- борсыққа – 1 қыркүйектен 15 желтоқсанға дейін оңтүстік аймақ бойынша, 1 қыркүйектен 15 қарашаға дейін солтүстік аймақ бойынша;
- қара торғайға – 15 қыркүйектен 30 қарашаға дейін;
- шілге – қыркүйектің бірінші сенбісінен 30 қарашаға дейін;
- қабанға – қыркүйектің бірінші сенбісінен 31 желтоқсанға дейін;
- қоянға (ақ қоян, қоңыр қоян), қарсақ, түлкіге – 1 қарашадан 15 ақпанға дейін.
Сібір елігіне аң аулау тиісті аңшылық шаруашылығы субъектісі қорықшысының қатысуымен және аң аулаудың белгіленген ережелеріне сәйкес жүргізіледі.