Қарағанды облысында ардагерлерге қамқорлық көрсету айлығы басталды

706

Өңірде бүгінде 75 – Ұлы Отан соғысының ардагері, 21 – ҰОС мүгедегі, 10 мыңнан астам тыл еңбеккері тұрады.

Қарағанды облысында ардагерлерге қамқорлық көрсету айлығы басталды

Қарағанды облысында белсенді жастар Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, жалғыз басты зейнеткерлерді қамқорлығына алды,  деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Nur Otan партиясының "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында Қамқорлық айлығы басталды.
 
Жастар қарт адамдарға үй мен аула аумағын жинауға, тұрмыстық және әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесу үшін барады.

Айлықтың алғашқы күнінің жасотандықтар 36 майдангер мен тыл еңбеккерінің үйлеріне барып, оларға қажетті көмек көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу